Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

0
323

Тимур Сәдуақасов 2019 жылы 18 ақпанда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған.


Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл ақпарат Қазақстан Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланған.

Іс Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Іздеуді Қаржы мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізеді.

Тимур Сәдуақасов 2019 жылы 18 ақпанда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін ол Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Сәдуақасов "Әділет" Жоғары құқық мектебінде заңгерлік білім алған, сондай-ақ Көкшетау экономика және менеджмент институтында оқыған.