Ақтау әкімінің экс-орынбасары шекарада ұсталды

0
200

Сәдуақасовты өзбекстандық шекарашылар ұстап, тергеу изоляторына қамады.


Ақтау әкімінің экс-орынбасары шекарада ұсталды

фото: Агентство по финансовому мониторингу Казахстана

ERNUR.KZ. Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстан шекарасында ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Сәдуақасовты өзбекстандық шекарашылар ұстап, тергеу изоляторына қамады. Оған қатысты елге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалып жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу әрекеті бойынша айыпталып отыр.
2023 жылы ол "Обуховское" кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісімен айналысқан адвокат Құрманбаевпен бірге лауазымды тұлғалар арасындағы байланысын пайдалана отырып, В.И.Долгалевке оның кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғатуға уәде берген. Ол үшін пара сұраған. Ал ақшаның бірінші бөлігі – 90 млн теңгені алғаннан кейін уәде етілген міндеттемелерін орындамай, екеуі де қашып кеткен.