Ақтау қаласында құрылысшылар арасында жанжал шықты

0
620

Жұмысшылар арасындағы жанжалға полицейлерге араласты.


Ақтау қаласында құрылысшылар арасында жанжал шықты

ERNUR.KZ. Ақтау қаласындағы Rixos Water World қонақ үйі жанынан салынып жатқан нысан жұмысшыларының арасында жанжал шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 29 маусым күні кешкі сағат 19:20 шамасында болған. Бұл жанжалға кәсіпорынның қауіпсіздік бөлімі мен құрылыс алаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері араласып, жұмысшылар арасындағы дауды басқан.

Оқиға орнында күзет және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен профилактикалық шаралар жүргізілді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, бұл оқиғаға қатысты тараптардан шағым түспегенін айтты.