Әуе кемесі 25 желтоқсан күні Ақтау маңында апатқа ұшыраған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының қалдықтары оқиға орнынан шығарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әлеуметтік желіде құлаған ұшақтың артқы бөлігін тасымалдау сәтінің видеосы жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжанның Embraer 190 ұшағы Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын.
Ресми мәлімет бойынша, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстанның 3 азаматы, Ресейдің 16 азаматы, Қазақстанның 6 азаматы болған.
Ұшақ апаты салдарынан 29 адам аман қалды.