Ақтау маңында суға батып кеткен ер адам төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

0
378

Құтқарушылар мен сүңгуірлердің жұмысына су көлігі бар азаматтар қосылды.


Ақтау маңында суға батып кеткен ер адам төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Ақтау қаласының құтқарушылары, сүңгуірлер мен ерікті тұрғындар теңізге батып кеткен адамды төрт күннен бері іздеп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Лада басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 17 маусымда хабарланған. Сол күні Ақтаудан 22-шақырымда құтқарушылар бір адамды судан шығарып үлгерген. Екіншісін құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Марқұм болған 24 жастағы жігіттің денесін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар мен сүңгуірлердің жұмысына су көлігі бар азаматтар қосылды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аумақты шолу үшін аспанға дрон ұшырды.

«Іздестіру жұмыстарына 12 құтқарушы, үш техника, екі су кемесі мен бір ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ ҰҚК ШҚ департаментінің алты сүңгуіршісі мен бір техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына ерікті түрде бей-жай қарай алмайтын тұрғындар қосылды», - деді Маңғыстау облысы ТЖД мамандары.