Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының несиелік міндеттемелері өтелді

0
156

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.


Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының несиелік міндеттемелері өтелді
Фото: Oxu.az
ERNUR.KZ. Бұл туралы Әзербайжан банктер қауымдастығы мен Әзербайжан микроқаржы қауымдастығының бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп жазады inform.kz.

— 2024 жылғы 25 желтоқсанда «Әзербайжан әуе желілері» әуе компаниясының Баку-Грозный рейсін орындаған ұшақтың Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза табуы бүкіл Әзербайжан халқын да, банк қауымдастығын да қатты күйзелтіп, қайғыртты.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Әзербайжан Республикасы Орталық банкінің ұсынысы бойынша және Әзербайжан банктер қауымдастығы (ӘБҚ), Әзербайжан микроқаржы қауымдастығының (ӘМҚҚ) бастамасымен әуе апаты салдарынан қайтыс болған Әзербайжан азаматтарының несиелік міндеттемелері банктер мен банктік емес несие ұйымдарында тиісті ұйымдардың жеке қаражаты есебінен толық есептен шығарылды», - делінген бірлескен хабарламада.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.