Жарылыс салдарынан жараланған екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Ақтау маңында жанар-жағармай материалдары тиелген цистерна жарылды, деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиғаның мән-жайын азаматтық қорғау капитаны, Мұнайлы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев айтты.
Оның айтуынша, 7 қаңтарда сағат 21.00 шамасында Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында орналасқан "BBJ GROUP" ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай құйылған цистернасы жарылып, содан кейін өрт шыққан.
Жарылыс салдарынан жараланған екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді.
"Өрт толығымен сөндірілді. Себептері анықталып жатыр", - деді Жайнат Әуесбаев.