Алдымен жанжал әйелдің ұлы мен қыздың арасында туындаған.
ERNUR.KZ. Ақтауда ерекше қажеттілігі бар 12 жасар қызбен төбелескен әйел бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады stan.kz.
Төбелес сәті видеоға түсіп қалған. Полицейлердің мәліметінше алдымен жанжал әйелдің ұлы мен қыздың арасында туындаған. Бірақ кейін дауға ұлдың анасы араласыпты.
"Арыз түсірген әйелдің сөзінше, көршісі ерекше қажеттілігі бар қызын ұрып тастаған. Шақыру бойынша барған полиция қызметкерлері деректі растады. Видеода қыздың шашын тартқан бала 36 жастағы әйелдің ұлы. Жанжалдың себебі – жасөспірімдер арасындағы дау. Әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды”, – деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жаннұр Таңатарова.
Қала тұрғынына қатысты екі бап бойынша хаттама толтырылған. Енді ол 52 мың теңге көлемінд айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамауға алынады.