Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген адам аурухана төсегінде көз жұмды

0
158

​Ол облыс әкімімен кездесе алмаған соң өзін өртеп жіберген.


Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген адам аурухана төсегінде көз жұмды

Фото: istockphoto.com.

ERNUR.KZ. Ақтаудағы әкімдік алдында өзін өзі өртеп жіберген адам аурухана төсегінде қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 5 желтоқсан күні болған. Ер адам әкімдік ғимаратына кіріп, облыс әкімімен кездесуді талап еткен. Оны аудан әкімдігі қабылдағанмен бұл оны қанағаттандырмаған. Осы тұста ол үстіне бензин құйып, от жағып жіберді.

Ер адам сол күні шұғыл ауруханаға жатқызылды. Соңғы рет денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы туралы 16 желтоқсанда хабарлаған болатын. Ол кезде жағдайының ауыр екені, жасанды тыныс алуға жалғанғаны айтылды.

Аталмыш басылым ер адамның ауруханада 18 желтоқсан күні кешкі уақытта қайтыс болғанын хабарлады. Алайда, аурухана да, денсаулық сақтау басқармасы да ақпаратты растаған жоқ, алайда жоққа шығарған да жоқ.