Ақтауда аппақ киіммен жол үстінде отырған қыз жұрттың үрейін ұшырды - видео

0
713

Желі қолданушылары "видеоға түсіргенше, тоқтап жағдайын сұрау керек еді", "шашынан сүйрейтін қыз екен" деген сынды комментарийлер қалдырды.


Ақтауда аппақ киіммен жол үстінде отырған қыз жұрттың үрейін ұшырды - видео

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында көлік жүріп жатқан жолдың ортасында отырған қыз видоға түсіп қалды. Кадр podslushano_aktau паблигінде жарияланды, деп жазады sputnik.kz.



Видео 28 шағын ауданның қиылысында 26 қыркүйекте түсірілген. Ол жерден қыздың көлік жүріп жатқан жолдың қақ ортасында отырғанын көруге болады. Желі қолданушылары "видеоға түсіргенше, тоқтап жағдайын сұрау керек еді", "шашынан сүйрейтін қыз екен" деген сынды комментарийлер қалдырды.

inAktau сайтының хабарлауынша Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның мән-жайын анықтаған.

Депарамент мәліметіне сүйенсек, патрульдік экипаж мүшелеріне қыз кенеттен жағдайы нашарлап кеткенін айтты. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырды. Қыз облыстық ауруханаға жеткізілді.