Ақтауда әскери қызметкер көз жұмды: Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады

0
173

​Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүріп жатыр.


Ақтауда әскери қызметкер көз жұмды: Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақтауда әскери қызметкер көз жұмды. Қайғылы оқиғаға байланысты Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.

«Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды. Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.