Ақтауда балабақшада бүлдіршінді жуындырып жатып күйдіріп алған қызметкер жұмысынан босатылды

0
1 300

Ақтауда жекеменшік балабақшада екі жасар қызды жуындырып жатып күйдіріп тастаған.


Ақтауда балабақшада бүлдіршінді жуындырып жатып күйдіріп алған қызметкер жұмысынан босатылды

ERNUR.KZ. Ақтауда "Bala Land" балабақшасында бүлдіршінді гигиеналық процедуралар кезінде күйдіріп алған күтуші жұмыстан босатылды, деп жазады stan.kz.

Мектепке дейінгі мекеме басшылығының айтуынша, бала гигиеналық процедуралар кезінде су температурасының өзгеруіне байланысты жарақат алған. Сонымен қатар медбике мен мұғалімнің қыздың ата-анасымен дер кезінде байланысып, жағдайды айтқанын жеткізді.

“Процедура кезінде қыздың денесінде тек қызару байқалған. Өзін де жақсы сезінген. Алайда, бір сағаттан кейін бүлдіршіннің денесінде көпіршіктер пайда болды. Біз қатты өкінеміз, қателігімізді мойындаймыз және осы оқиға үшін толық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Сондай-ақ кез келген қосымша ақпаратты беруге және ата-аналарға баласын емдеу кезінде қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз. Балабақша басшылығы бүлдіршіннің емделуіне кеткен барлық шығынды өтеуге дайын", - деді басшылық.

Балабақша өкілі балаға гигиеналық процедураларды жасаған қызметкердің сол күні жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

“Оның әрекетін ақтауға болмайды. Алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз. Баланың ата-анасымен болған оқиға үшін тағы да кешірім сұраймыз", - деп қосты басшы.

Еске салсақ, Ақтауда жекеменшік балабақшада екі жасар қызды жуындырып жатып күйдіріп тастағаны туралы хабарлаған едік.