Ақтауда балаларды итбалық тістеп алды

0
981

Оқиға 14-ші мөлтек ауданда болған.


Ақтауда балаларды итбалық тістеп алды

ERNUR.KZ. Ақтауда екі қыз баланы итбалық тістеп алды, деп жазады Экспресс К.

Бұл туралы lada.kz сайты жазды. Оқиға 14-ші мөлтек ауданда болған. Зардап шеккендердің бірінің анасының айтуынша, оның 12 жастағы қызы мен құрбысы суда шомылып жүрген. Алаңсыз жағада жүрген балалар итбалықты байқамаған.

Бір кезде кенеттен оларға кішкентай итбалық шабуыл жасаған. Ол қыздың бірінің қолынан, екіншісінің иығы мен арқасынан тістеп алыпты. Қыздың бірі анасына қоңырау шалады. Дереу жеткен әйел балаларды облыстық ауруханаға апарды. Алған жарақатын дәрігерлер таңып берді. Балалар қорқып қалған.
Суретті зардап шеккендердің туыстары ұсынды

Әйелдің айтуынша, балалардың суда жүзегенін итбалық өзіне төнген қауіп деп ойлаған тәрізді. Себебі итбалық өздігінен шабуыл жасамайды екен.

Зардап шеккен қыздың анасы 14-ші шағын ауданның жағалауына құтқарушылар жүруі керек екенін айтады. Өйткені бұл бірінші жағдай емес. Сондай-ақ ол "ұрғындар жануарларға тиісіп, оларды ашуландырмау керек. Қырағы болса екен" дейді.