Ақтауда бес күн бұрын жоғалып кеткен қыз табылмай жатыр

0
446

Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.


Ақтауда бес күн бұрын жоғалып кеткен қыз табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Ақтауда 24 жастағы Кәмшат Керім есімді бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде 18 сәуірде кешкі сағат 22.00 шамасында Шығыс-3 ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған қызды іздестіру туралы хабарлама таралып жатыр.

Ол ұзын, жасыл гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл күрте және ақ спорттық аяқ киім киген. Оны көргендер болса 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз, - делінген хабарламада.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.