Ақтауда бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жықты

0
472

Бейнежазбадан жасөспірімнің екінші баланы жүгіріп келіп аяусыз ұрған сәтін көруге болады.


Ақтауда бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жықты

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде бір топ баланың қатарласын өлімші етіп сабағаны белгілі болды. Оқиға орнында түсірілген видео Telegram-дағы "Цензура112-Ақтау" парақшасында жарияланды, деп жазады stan.kz.

Бейнежазбадан жасөспірімнің екінші баланы жүгіріп келіп аяусыз ұрған сәтін көруге болады. Оған тағы екеуі қосылып, жасөспірімді тепкінің астына алды. Видеода қатарластарынан зәбір көрген баланың жан даусы шығып жатыр. Балалар арасындағы жанжалды көрген ересек адам айғайлағанда үшеуі жан-жаққа қашып кетті.