Ақтауда ер адамды ұрлап, басын шауып тастаған үш адам сотталды

0
283

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Ақтауда ер адамды ұрлап, басын шауып тастаған үш адам сотталды

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Ақтауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, далаға апарып, өлтіріп, басын кесіп, денесін бос жерге көміп тастаған үш жігіт сотталды, деп жазады stan.kz.

Қылмыстық іс бойынша екі айыпталушы мамырда ұсталды, ал үшіншісі қашып, кейінірек қамауға алынды. Тергеу төрт айға созылды. Іс қазанның басында сотқа түскен. Айыпталушылар сотты алқабилер сотының қарағанын қалады. Сот процесі ұзаққа созылған жоқ. Тергеу барысында барлық айыпталушылардың қылмысқа қатысы барын дәлелдеуге мүмкіндік туды.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты айуандықпен өлтірді деп айыпталған үш тұрғынға қатысты үкім шығарды.

Айыпталушылар 25, 16 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді. Сотталған екі азамат ағайынды болып шықты.

“Сот жәбірленуші тараптың азаматтық талап арызын қанағаттандырып, олардан марқұмның отбасының пайдасына 10 миллион теңге моральдық шығын мен 3,5 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндірді. Сондай-ақ ағайындылардың әрқайсысы зардап шеккендер қорына 110 мың теңгеден төлейді. Ал үшінші сотталғанға – 73 мың теңге”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.