​Ақтауда эскалаторда үш жасар баланың қолы қысылып қалды

0
1 917

ERNUR.KZ. Ақтауда ойын-сауық орталықтарының біріндегі эскалаторда үш жасар баланың қолы қысылып қалды


​Ақтауда эскалаторда үш жасар баланың қолы қысылып қалды

ERNUR.KZ. Ақтауда ойын-сауық орталықтарының біріндегі эскалаторда үш жасар баланың қолы қысылып қалды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Оқиға 6 маусымда болған. "Күйеуімнің қолында тоғыз айлық бала болды, үш жасар баламыз да жанымызда болды. Бір сәтте банкоматтан ақша шешуге бардым. Қайтып келіп, тоғыз айлық баламды өзімнің қолыма алдым. Осы кезде ұлым эскалатор жаққа қарай жүгіріп кетті. Мен оның соңынан жүгіре бардым, құлап қалғанын көрдім. Сол қолы эскалаторға қысылып қалды. Қолын бірден шығарып алдық, бірақ мен ішімнен саусақтары қысылып қалды деп ойладым. Өзім де құлап кеттім. Кішкене қысылып қалдым, аяғымды жарақаттадым. Содан күйеуіміз екеуміз дәріханаға барып, алғашқы көмекті алдық. Көп қан кетті. Фармацевт ауыруды бәсеңдететін екпе салып бермекші болды. Бірақ балам қатты шошып қалған. Сосын облыстық балалар ауруханасына бардық", - дейді зардап шеккен баланың анасы Ильмира.

Кейінірек баланың ата-анасы сауда орталығына шағым қалдыру үшін барады. Бірақ, олардың айтуынша, орталықтың әкімшілігі мен басшылығы жұмыс орнында болмаған.

"Менің ойымша, осы сауда орталығы ашылғалы бері эскалаторлар жөндеуден өтпеген. Жөндеуден өткен болса, мұндай жағдай болмас еді. Бүкіл қала тұрғындары қыдырып жүр, барлығы балаларымен жүр. Ересектер, өкше киген қыздар да жүр. Баламның аман қалғанына қуаныштымын, бірақ мен енді басқа балалар үшін уайымдап тұрмын. Алда жазғы демалыс бар. Балама қарап үлгергеніме өзім кінәлімін. Бірақ біреулердің алты баласы бар ғой. Осындай жағдайда кім жауап береді?", - дейді Ильмира.