Ақтауда эскалаторға саусағын кесіп алған баланың жағдайы белгілі болды

0
504

Ақтауда әткеншек теуіп жүрген 7 жастағы қыз баланың саусағын қысып алғаны белгілі болды.


Ақтауда эскалаторға саусағын кесіп алған баланың жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Ақтауда наурыз айы басталғалы бері екі бала саусақ жарақатымен дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп жазады inform.kz.

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған екі балақайға да ота жасалды. Өңірдегі балалар ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Құрман Қайрановтың айтуынша, наурыз айының бірі күні сауда үйлерінің бірінде эскалаторға саусағын қысып алған екі жарым жастағы бала ауруханаға жеткізіліп, бөлімшеге жатқызылған.

«Балаға ота жасалып, жарасы қалыпқа келді. Қазір баланың жағдайы жақсы деңгейде. Бүгін ата-анасы қолхатпен үйге алып кетті, — деді Құрман Қайранов.

Бұдан бөлек, Ақтауда әткеншек теуіп жүрген 7 жастағы қыз баланың саусағын қысып алғаны белгілі болды.

«Кішкентай қыздың саусағының ұшы жоқ, жұмсақ тіндері түсіп қалған. Операция жасап, түсіп қалған терісі қайта тігілді. Ол қазіргі уақытта бөлімшеде жатыр. Жағдайы жаман емес. Орнына тігілген терісі толық бітісуіне уақыт керек. Дәрігерлердің бақылауына алынып, тиісті емін алып жатыр, — деді травматология бөлімінің меңгерушісі.

Бұған дейін Ақтауда сауда үйлерінің бірінде эскалаторға саусағын қысып, жарақаттап алған бала туралы айтылған еді.