Ақтауда әйел ойын алаңында танымайтын баланы ұрып-соққан (видео)

0
523

Желідегі видеода әйел әткеншекте отырған балаға келіп, ұрып-соға бастаған.


Ақтауда әйел ойын алаңында танымайтын баланы ұрып-соққан (видео)

ERNUR.KZ. Желіде Ақтауда ойын алаңында баланы ұрған белгісіз әйелдің видеосы тарады, деп жазады stan.kz.

Желідегі видеода әйел әткеншекте отырған балаға келіп, ұрып-соға бастаған. Деректерге сай, оқиға 20 шағын ауданда орын алған.

Аймақ полиция департаментінде бұл фактті растады.

“Әйелдің жеке басы анықталды. Ол қоғамдық орындарда қудалау фактісі бойынша жауапқа тартылды”, - деді полиция.

Қылмыстық кодекстің 449-бабы-қоғамдық орындарда қудалау фактісінде жеке тұлғаларға ескерту жасауға не оларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (18 460 теңге) салу қарастырылған.