Қаланың шағын аудандарының бірінде асфальт төсемінің болмауы оқыс жағдайға әкеп соқты.
ERNUR.KZ. Ақтауда қоқыс таситын су жаңа көлік шұңқырға түсіп кетті, деп жазады Lada.kz.
Қаланың шағын аудандарының бірінде асфальт төсемінің болмауы оқыс жағдайға әкеп соқты.
Оқиға 1 ақпанда сағат 11:30-да болды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған "Zero Waste Ақтау" ЖШС қоқыс тасығышы шұңқырға құлады. Абырой болғанда жұмысшылар зардап шеккен жоқ.
Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін маршрутқа резервтік арнайы техника жедел шығарылды. Қоқыс шығару кестесі бұзылған жоқ, дейді компанияда.


