Ақтауда құны 87 млн теңге болатын қоғамдық дәретханалар жарамсыз болып қалды

0
540

QR-код бойынша жұмыс істейтін модульдік дәретханалардан ақау шықты.


Ақтауда құны 87 млн теңге болатын қоғамдық дәретханалар жарамсыз болып қалды

ERNUR.KZ. Ақтауда 12 қоғамдық дәретхана жұмыс істейді, оның бесеуі – модульдік дәретхана, оған қала тұрғындары QR-код бойынша жүргізілген төлемнен кейін қол жеткізе алады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде техникалық ақауларға байланысты QR-код жұмыс істемейтіні түсіндірілді.

«QR-код бойынша жұмыс істейтін дәретханалар ақау жөнделгенге дейін уақытша жабылады. Мамандар жұмыс істейді. Жақын арада барлық ақаулар жойылады», - деп хабарлады әкімдік.

Lada.kz мәліметінше, 12 қоғамдық дәретхана 87 млн теңгеге алынған.