Ақтауда өлі итбалық тұрғындарды шошытты

0
613

Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының басшысы Адизал Шихметов жағдайға қатысты түсінік берді.


Ақтауда өлі итбалық тұрғындарды шошытты

ERNUR.KZ. Ақтаудағы 14-ықшамауданның жағалауында өлі итбалық табылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Lada.kz мәліметінше, өлі итбалықты жергілікті тұрғындар "Астана" сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан 14-ықшамауданның жағалауынан тапқан.

"Бұл итбалық өзі сол жерге барып, өлгеніне сену қиын", - делінген Instagram-дағы "Ақтау қайырымдылық клубы" тобының жазбасында.

Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының басшысы Адизал Шихметов жағдайға қатысты түсінік берді.

"Бүгін тұрғындар итбалықтың өлексесін тапты. Біздің мобильді топ зерттеу үшін оқиға орнына шықты. Жас итбалық көктемде өліп қалған болуы мүмкін. Бір жерінен жара табылды. Жүні жоқ, денесі шіріп кеткен, сондықтан зерттеуге мүмкіндік жоқ.
Айта кетейік, одан қан емес, күн ыстық болғандықтан май ағып жатыр. Бізде бірнеше күн бойы дауыл болды, содан оның денесі жағаға ағып келген сияқты. Қазір утилизация үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Саймандар ізі байқалмайды", - деді ол.