Ақтауда өндірістен шыққан өрттен кейін қаланы қара түтін басты

0
500

Жалын іске жарамсыз мұнарадан шыққан.


Ақтауда өндірістен шыққан өрттен кейін қаланы қара түтін басты

ERNUR.KZ. Ақтауда өндірістік аумақта орналасқан мұнарадан өрт шығып, қалаға қою қара түтін тарады, деп жазады inform.kz.

Оқыстан болған өрттің себебіне қатысты Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. Анықталған жағдай бойынша жалын іске жарамсыз мұнарадан шыққан.

«Бүгін сағат 11-55-те Ақтаудағы 5-ші өңдірістік аймақта индустриаландыру Маңғыстау паркі аумағында биіктігі 63 метрді құрайтын іске жарамсыз мұнараның ішіндегі мұнай химиялық қалдықтар жанып кетті. Өрттің ауданы 100 шаршы метрге дейін жеткен. Қазіргі уақытта ТЖД өрт болған жерге 6 арнайы техника жұмылдырып, апаттың себебі анықталып жатыр, - деді ТЖД-нің баспасөз қызметіндегілер.