Ақтауда өзара сөзге келген жастар қан-жоса болғанша төбелескен

0
542

Көшеде тұрған бір көліктің сол жақ беттегі барлық әйнегі сынған, сондай-ақ маңдайшадағы үлкен әйнегі шытынаған.


Ақтауда өзара сөзге келген жастар қан-жоса болғанша төбелескен

ERNUR.KZ. Ақтауда жастар төбелесінен кейінгі жайсыз жайттың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Видео Instagram-дағы "112-Ақтау" парақшасында жарияланды. Видеодан төбелес салдарынан орын алған жағдайға куә болуға болады.

Көшеде тұрған бір көліктің сол жақ беттегі барлық әйнегі сынған, сондай-ақ маңдайшадағы үлкен әйнегі шытынаған. Көлікте және жерден қан дақтарын да көруге болады. Оқиға куәгерлері өзара сөзге келіп қалған төрт жастың төбелескенін айтады.

"Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды", деп хабарлайды Маңғыстау облысы ПД.