Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды

0
331

Қайғылы оқиға кеше кешке болған еді.


Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды

ERNUR.KZ. Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Құтқару тобы жігіттің денесін бүгін Солдат жағажайынан тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді.

"Іздеу жұмыстары барысында жігіттің денесі екі метр тереңнен, Солдат жағажайы маңындағы жағадан 300 метр қашықтан табылды", - деді аймақ ТЖД өкілдері.

Қайғылы оқиға кеше кешке болған еді. Каспий теңізі жағалауындағы Солдат жағажайы маңында 2006 жылы туған жігіт суға батып кетті.