Әйел бір ұл мен үш қызды дүниеге әкелген.
ERNUR.KZ. Ақтау тұрғыны бірден төрт сәбиді дүниеге әкелді, деп жазады Tengrinews.kz.
Төртемнің туғаны туралы ақпаратты Маңғыстау облысының перинаталдық орталығы мәлімдеді.
Медициналық ұйымның хабарлауынша, әйел бір ұл мен үш қызды дүниеге әкелген.
"Олар өзін жақсы сезінеді, бірақ ана мен сәбилер әл жинағанша перинаталды орталықта дәрігерлердің бақылауында болады", - делінген хабарламада.