Ақтауда үш баласын өлтірген әкенің ісіне қатысты тергеу аяқталды

0
477

24 наурызда Ақтаудағы 27-ші шағынауданда 36 жастағы ер адам 3 баласын жауыздықпен өлтірді деген күдікке ілінген еді.


Ақтауда үш баласын өлтірген әкенің ісіне қатысты тергеу аяқталды

ERNUR.KZ. Ақтауда үш баласын өлтірді деп күдікке ілінген ер адамның ісі бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық іс прокурордың қарауына жіберілген, кейін сотқа жолданады, деп жазады stan.kz.

Ер адам өз кінәсін мойындапты.

"Күдікті өз әрекетін мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталды және танысу үшін прокуратураға жіберілді", – делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 24 наурызда Ақтаудағы 27-ші шағынауданда 36 жастағы ер адам 3 баласын жауыздықпен өлтірді деген күдікке ілінген еді. Кейін ер адамның “Жусан” операциясы бойынша елге оралғаны туралы ақпарат тараған. Алайда полицейлер бұл мәліметті жоққа шығарды.

Қазір ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша іс қозғалған.