Ақтауда велосипед тебуге шыққан 13 жастағы бала жоғалып кетті

0
90

Ол 5 қазан күні үйінен велосипед тебуге шығып, содан кейін жоғалып кеткен.


Ақтауда велосипед тебуге шыққан 13 жастағы бала жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Ақтауда 13 жастағы жасөспірім үйінен велосипед тебуге шығып, қайтып оралмаған, деп жазады baq.kz.

"Lider.kz" еріктілер қозғалысының хабарлауынша, Ақтауда 13 жастағы Тимофей Павлов іздестіріліп жатыр. Ол 5 қазан күні үйінен велосипед тебуге шығып, содан кейін жоғалып кеткен.

Тимофей Павлов 5 қазан күні сағат 18:00 шамасында 11-шағын ауданындағы үйінен велосипед тебуге шыққан. Сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз. Белгілері: бойы — 170 сантиметр, арықша дене бітімді, - деп жазылған еріктілер хабарламасында.