«Qazaq Oil» жанармай бекетінің артынан белгісіз ер адамның мәйіті табылған.
ERNUR.KZ. Ақтауда жанармай бекетінің жанынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Ақтау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қазан күні сағат 09: 29-да Ақтау полиция басқармасының «102» пультіне 8-шағынауданда орналасқан «Qazaq Oil» жанармай бекетінің артынан белгісіз ер адамның мәйіті табылғандығы жөнінде қоңырау түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.