Ақтауда жеңіл көлік құрылыс аумағындағы шұңқырға аударылып қалды (видео)

0
328

Ақтаудағы ықшамаудандардың бірінде құрылыс үшін қазылған шұңқырға көлік құлап кетті. Апаттан көлік жүргізуші аман қалған.


Ақтауда жеңіл көлік құрылыс аумағындағы шұңқырға аударылып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында құрылыс аумағында көлік аударылып қалды, деп жазады exk.kz.

Оқыс оқиға қаладағы 17 ықшамаудан аумағында тіркелген. 44-ші үйдің қасында көлік терең шұңқырға құлап, төңкеріліп қалған. Ал көлік жүргізуші дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген.


"Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай кедергіге ұшыраған. Салдарынан көлік аударылып шұңқырға құлады. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды", — деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.