2 қаңтар күні таңғы сағат 09:00-ден кейін «Гелиос» жанармай құю бекетіне жақын орналасқан теміржол өткелінде болған.
Көрнекі сурет. Фото: ЖИ
ERNUR.KZ. Ақтау қаласында жеңіл автокөлік пен тепловоз соқтығысты. Салдарынан көлік жүргізушісі жарақат алды, деп жазады ulysmedia.kz.
Lada.kz сайтының жазуынша жол-көлік оқиғасы бүгін, 2 қаңтар күні таңғы сағат 09:00-ден кейін «Гелиос» жанармай құю бекетіне жақын орналасқан теміржол өткелінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet маркалы автокөлікті басқарған әйел адам жақындап келе жатқан тепловозды байқамай қалған. Салдарынан тепловозбен соқтығысқан.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жеңіл көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы — «Көлік құралдарын жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соғуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілген. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы әйел адамның білек сүйегінің сынғанын мәлімдеді. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.


