Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз табылды

0
404

Ол әскери бөлімге өзі келген.


Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз табылды

ERNUR.KZ. Ақтау қаласындағы 6656-әскери бөлімінен жоғалып кеткен сарбаз бір күннен кейін табылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, сарбаз әскери бөлімге өзі келген.

«Қазіргі таңда сарбазбен жеке әңгімелесу жүргізілуде. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтауда әскери бөлімге қайтып келмеген сарбаздың іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.