Ақтауда жолдың қақ ортасында жатқан қыздардың әрекеті көлік жүргізушісін шошытты (видео)

0
1 320

Қазір құзырлы орган видео кейіпкерлерін анықтап жатыр.


Ақтауда жолдың қақ ортасында жатқан қыздардың әрекеті көлік жүргізушісін шошытты (видео)

ERNUR.KZ. Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде жатқан қыздар видеоға түсіп қалды. Бейнежазбаға қатысты полиция пікір білдірді, деп жазады kaz.nur.kz.

Жолда жатқан аруларды камераға жүргізуші әйелдердің бірі түсіріп алған. Куәгердің сөзінше, ол көлікте келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде жатқан қыздарды көрген.

"Мен оларға сигнал берген кезде ғана қашып кетті", - дейді Ақтау тұрғыны.

Әйел қыздардың мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын түсінбеген. Сондай-ақ, ол өзге автокөлік жүргізушілерін сақ болуға шақырады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қазір құзырлы орган видео кейіпкерлерін анықтап жатыр. Егер олар кәмелет жасына толмаған болса, онда ювеналды полиция қызметкерлері материал жинап, оны әкімдікке қарасты балалар құқығын қорғау жөніндегі бөлімге жолдайды. Ал, егер олар кәмелет жасына толған болса, онда қыздарға әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.