Ақтаудағы жаппай төбелес: 6 жасөспірім ұсталды

0
609

Полиция басқармасына 15 пен 18 жас аралығындағы 76 адам жеткізілген.


Ақтаудағы жаппай төбелес: 6 жасөспірім ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтауда жасөспірімдер ұйымдастырған жаппай төбелес тергеліп жатыр. Алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады tengrinews.kz.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бір топ жасөспірімнің бұзақылық әрекеттері, атап айтқанда, құқық бұзушылардың бір-біріне тас пен бөтелке лақтыру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлерінің жасағы шығып, Ақтау Полиция басқармасына 15 пен 18 жас аралығындағы 76 адам жеткізілді. 56 кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды ("Сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың көшеде жүруі"). Сондай-ақ, ҚР ҚК-ның 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды, алты жасөспірім уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", - деді өңір полициясы.