Кадрда бойжеткеннің жұдырық ала жүгіргені көрінеді.
ERNUR.KZ. Ақтаулық бойжеткен ер азаматты ұрып жықты, деп жазады Stan.kz.
Желіде таралған бейнежазбада көшенің қақ ортасында бір бірінің жағаларынан алып жатқан ер жігіт пен бойжеткен байқалады. Нәзік жанды ару өзінің қарсыласын бірнеше рет ұрып жібергені видеода анық көрінеді.
"4 қазан күні ер азамат пен әйелдің арасында болған төбелес әлеуметтік желіде таралып кетті. Аталмыш оқиға бойынша ешкім ауруханаға бармаған және полицияға шағым түсірмеді", - деді Маңғыстау облысының ПД өкілдері.