Қолшатырлардың жалпы құны —195 мың 570 теңге.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы ішкі және халықаралық кездесулерге арналған 50 қолшатыр сатып алды. Қолшатырлардың жалпы құны —195 мың 570 теңге, деп жазады exk.kz.
Сатып алу жөніндегі хабарландыруда қолшатырдың алғашқы бағасы — 428 571 теңге, яғни осы бағада жарияланған. Әкімдіктің іс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мирам Әуелбековтың айтуынша, кейін жеңілдікпен 195 мың 570 теңгеге сатып алынған. Екі жеке кәсіпкермен сатып алу шарты жасалған.
"Бұл қолшатырлар ішкі және халықаралық кездесулерде делегаттарды күтіп алуға арналған. Ауа райының қолайсыз кездерінде қолданылады. Соңғы рет 2018 жылы алынған. Үш жыл сайын жаңартылады. Себебі тозады, сынады", - деді Мирам Әуелбеков.
Қолшатырлар жақында өңірге Үкімет басшысы келген кезде қолданылыпты.