Ақтөбе – Алматы рейсіндегі ұшақта жолаушы қайтыс болды

0
156

Әуежайдан ұшқаннан кейін біршама уақыт өткен соң жолаушының денсаулығы күрт нашарлаған.


Ақтөбе – Алматы рейсіндегі ұшақта жолаушы қайтыс болды

Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. DV712 Ақтөбе – Алматы бағытындағы рейс кезінде бір жолаушының жағдайы кенеттен нашарлап, әуе кемесі шұғыл түрде әуежайға оралды. Бұл туралы SCAT әуе компаниясы хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.

Әуежайдан ұшқаннан кейін біршама уақыт өткен соң жолаушының денсаулығы күрт нашарлаған. Борттағы экипаж дереу медициналық дабыл рәсімін іске қосып, алғашқы көмек көрсетуді бастаған. Осы сәтте ұшақ ішінде болған медициналық білімі бар жолаушылар, соның ішінде кардиолог-дәрігер, бортсеріктермен бірге реанимациялық шараларға қосылған.

Командир жедел шешім қабылдап, ұшақты тез арада бастапқы әуежайға қайта қондыруды ұйғарған. Ең қысқа уақытта қондырылған әуе кемесінен жолаушы жедел жәрдем тобына тапсырылды. Медициналық бригада реанимацияны жалғастырғанымен, жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.

Авиакомпания экипаждың әрекеті толықтай авиациялық және медициналық протоколдарға сай орындалғанын атап өтті. Ұшу жағдайында жолаушыға көмек көрсету үшін барлық мүмкіндік пайдаланылған.