Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес адамды күйік шалды

0
391

Бұл ретте төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорында өрт болмағанын, ешқандай шақырту түспегенін хабарлады.


Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес адамды күйік шалды

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының 5 жұмысшысын күйік шалды.Олар облыстық ауруханаға жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, оқиға 19 маусым күні сағат шамамен 16:02–де тіркелген. 103 байланыс нөміріне Ақтөбе ферроқорытпа зауытының медицина қызметкерлерінен шақыру түскен. Оқиға орнына бірден екі бригада барған.
Облыстық ТЖД және Апаттар медицинасы орталығына хабар берілген.
"42 жастағы науқастың бетін және екі білегін термиялық күйік шалған. Пациент облыстық ауруханаға жеткізілген, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Қолы күйіп қалған төрт қызметкер қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізілген. Олардың денесінің 5-13 пайызын күйік шалған, олар травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы тілшімізге.
Бұл ретте төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорында өрт болмағанын, ешқандай шақырту түспегенін хабарлады.
Әзірге кәсіпорынның өзі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.