Облыстық бас санитария дәрігері жаңа қаулы шығарды.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде карантин шектеу шарасы жеңілдеді. 1-5 сынып оқушылары дәстүрлі оқу форматына көшті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облыстық бас санитария дәрігері жаңа қаулы шығарды. Бүгіннен бастап өңірдегі карантиндік шектеу шарасы тағы жеңілдеді. Қоғамдық тамақтану орындарында адам саны сыйымдылықтан 30 пайызға аспауы тиіс. Яғни, мұндағы адам 50-ден жоғары болмауы керек. Сонымен бірге, діни нысандар қызметін жандандырды. Мұнда да 30% талап сақталады. Жалпы білім беретін мектептердегі 1-5 сыныптарда 25, халықаралық мектептердегі 1- 7 сыныптарда 25 оқушыдан аспайтын аралас оқытуға рұқсат берілді.
«Білім мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға рұқсат. Тек топтарда адам саны 15-тен аспауы тиіс. Сонымен бірге бильярд клубтарының жұмысына рұқсат берілді. Балалардың ойын-сауық орталықтары да (жабық орындардағы аттракциондар, ойын алаңдары) жұмысты қайта жандандырырады. Тек мұндағы адам саны 50-ден аспауы тиіс» делінген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.