Ақтөбе облысында 26 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

0
115

Оқиға 9 тамызда Шалқарда болған.


Ақтөбе облысында 26 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

Фото: lenobl.sledcom.ru

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 26 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы оқиға 9 тамызда болған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

– 2000 жылы туған пациент шабынан пышақ жарақатын алып жеткізілді. Ол ауруханаға сағат 05:51-де түсті. Медицина қызметкерлері дереу реанимациялық іс-шараларды бастады. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, сағат 06:21-де биологиялық өлім фактісі тіркелді, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір ол қамауда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.