Ақтөбе облысында газ баллоны жарылды

0
518

95 жастағы әйел зардап шекті.


Ақтөбе облысында газ баллоны жарылды

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 7 ақпан күні сағат 12:45-те Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы, Петропавл ауылында, Гагарин көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылған, деп жазады zakon.kz.

Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына құтқарушылар барған кезде жеке тұрғын үйде 5 литрлік газ баллонының, газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан, үйдің қабырғалары бүлініп, өрт шыққаны анықталған.

Оқиға орнына 2 құтқарушы мен 1 бірлік техника жіберілген.

"Үй иелерінің көршілері өртті құтқарушылар жеткенше өз күштерімен сөндіріп үлгерген. Жарылысқа толтырылған газ баллонды салқын жерден жылы жерге (жылы еденге) кіргізу кезінде газ ауа қоспасының көбеюі себеп болған", - деді Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Жарылыс салдарынан 1952 жылы туған ер адам мен 1928 жылы туған әйел адам облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.