Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр

0
291

Ақпан айынан бері вирус жұқтырды деген күдікпен 600-ге жуық адам тіркелген.


Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Ақпан айынан бері вирус жұқтырды деген күдікпен 593 адам тіркелген. Зертханалық тексеріс нәтижесінде олардың 370-нен ауру белгілері анықталған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, балалар арасында қызылшаға қарсы екпе алмағандар көп. Қазір ем алып жатқандардың да көбі он төрт жасқа дейінгілер.

Оқу жылы басталғалы 56 бала ауырған. Ауруханаларда барлығы 70 науқас бар. Қосымша 101 кереуеттік орын дайындалды. Мамандар жағдай осылай жалғаса берсе, білім беру ұйымдары онлайн режимге көшуі мүмкін екенін ескертеді.

"Баланың саны 4-5 асқан жағдайда алдын алу шараларының тәртібіне сай, сол мектептің бірінші сыныбы әрі қарай бүкіл мектепке дейін жабылу қаупі орын алуы мүмкін. Жоспарға сай, санына сай, егер етек жайып бара жатса жабамыз", - деді облыстың бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин.