80 адам жұмыс істеуден бас тартқан.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында "АМК Мұнай" жұмысшыларының жалақысына 40 мың теңге қосылды, деп жазады zakon.kz.
25 қаңтарда мұнайшылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалақыларын көтеру туралы өтініш айтып, видео үндеу жолдады. Жұмысшылар тапқан ақшасы ешнәрсеге жетпейтінін айтты. Олар осы талабы орындалмай, жұмысқа шықпау туралы шешім қабылдағандарын жеткізді.
80 адам жұмыс істеуден бас тартты деген ақпарат бар. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен комиссия құрылды.
1 ақпанда мұнайшылардың талаптары орындалатыны белгілі болды. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша Еңбек инспекциясы бөлімінің бастығы Саламат Аманбаев пен облыстың кәсіподақ орталығының басшысы Алтынбек Әмірғалиев хабарлады.
"АМК Мұнай" компаниясының әр қызметкерінің жалақысы 40 мың теңгеге өседі. Бұл шешім үш ай ішінде қаралатын болады, өйткені компания жаңа келісімшарт жасасуы тиіс. Сонымен қатар, компания қызметкерлеріне Наурыз мейрамында сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады. Сыйақы жалақының 50% құрайды.