Ақтөбе полицейлері ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

0
676

"Самара-Шымкент" тас жолының 843 шақырымында полиция қызметкерлері "Лада Приора" маркалы автокөлігін тоқтатқан.


Ақтөбе полицейлері ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

ERNUR.KZ. "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі затын тәркіледі, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2010 жылдың 17 маусымында "Самара-Шымкент" тас жолының 843 шақырымында полиция қызметкерлері "Лада Приора" маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлік ішінде еліміздің оңтүстік аймағынан Ақтөбе қаласына бара жатқан Ақтөбе облысының тұрғындары болған. Автокөлікті тексеру барысында автокөліктің салонынан салмағы 1,5 кг-нан асатын марихуана есірткі заттарының ірі партиясы анықталып, тәркіленді, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.