Ақтөбе тұрғындары апельсин мен мандариннен балалар көз жұмғанын хабарлады

0
2 242

Ақтөбе облысының ПД бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Ақтөбе тұрғындары апельсин мен мандариннен балалар көз жұмғанын хабарлады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тараған аудиохабарламада қазақстандықтарға апельсин мен мандарин жемеуге кеңес беріледі, деп жазады Stopfake.kz.

What‘sApp мессенджерінде тараған аудиохабарламада қазақстандықтарға апельсин мен мандарин жемеуге кеңес беріледі. Ақтөбеде жеміс жеген бірнеше бала қайтыс болған екен. Бұл жалған ақпарат.


Ақтөбе облысының полиция департаменті өмірге қауіпті жемістер туралы ақпарат жоққа шығарды.
– Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
Сондай – ақ, ҚР қолданыстағы заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын тағы да еске саламыз,
– делінген департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасында.




Бұған дейін StopFake.kz осыған ұқсас ақпаратты жоққа шығарған болатын. Онда қазақстандықтарға құрамында қауіпті вирус бар деп банан жемеуге кеңес берілген еді.