Үш науқас стационарда емделіп жатыр.
фото: polisia.kz
 ERNUR.KZ.   Ақтөбе облысында қайғылы жол апатынан зардап шеккен екі науқас ауруханадан шықты, деп жазады  sputnik.kz.
Екі науқас жазылып, ауруханадан шығарылды, үш науқас стационарда емделіп жатыр.
"Олардың ішінде: баланың жағдайы өте ауыр. Ересектердің біріне ота жасалды, екіншісі емдеудің толық көлемін алғаннан кейін аман-есен ауруханадан шығарылады", - дейді ведомство.
Еске сала кетейік, 23 қазанда Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 12 адам көз жұмды.
                        
                        
                    
