​Ақтөбеде екі адам өндірістік жарақаттан көз жұмды

0
1 162

Өткен жылы 97 жазатайым оқиғадан 103 адам жарақат алып, оның 14-і қайтыс болды.


​Ақтөбеде екі адам өндірістік жарақаттан көз жұмды

ERNUR.KZ. Осы жылдың алғашқы тоқсанында 16 жазатайым оқиғадан 14 жұмысшы жарақат алды. Ал екі адам қаза тапты, деп жазады Aktobenews.kz.

Қайғылы оқиғалар «Энергосистема» ЖШС-і мен Хромтау қаласындағы мыс-мырыш кенін шығаратын «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-де тіркелген.

«Өткен жылы 97 жазатайым оқиғадан 103 адам жарақат алып, оның 14-і қайтыс болды. Сол мәселе бойынша еңбек инспекторлары тиісті тексерулерді де жүргізді. Сараптамалар жасалып, құжаттар ішкі істер органдарына тапсырылған болатын. Нәтижесінде 67 қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше адам жауапкершілкке тартылды. Жыл басынан бері тіркелген жазатайым оқиғалар бойынша да тексерістер жүргізіліп жатыр», — дейді Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Саламат Аманбаев

«Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл «Қауіпсіздік жылы» деп бекіткен.