Ақтөбе қаласының екі мектебінің 7 және 9 сынып оқушыларының жеке басын анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде көше шамдарын сындырған екі жасөспірімнің ата-анасы жауапкершілікке тартылды, деп жазады tengrinews.kz.
Полицейлер әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында мүліктің бүліну фактісін анықтады.
Ақтөбе қаласының екі мектебінің 7 және 9 сынып оқушыларының жеке басын анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдер мұны TikTok желісіне бейнеролик салу үшін түсіргенін түсіндірді.
Қоғамдық орындарда мүлікті бүлдіргені және айналасындағыларды құрметтемегені үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (кәмелетке толмағандармен жасалған бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Жасөспірімдер арнайы есепке алынды. Олардың мінез-құлқын Ақтөбе әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қарайды.
"Балаларыңызға көбірек уақыт бөлуге тырысыңыз. Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері қала тұрғындарын тазалық пен тәртіпті сақтауға және қоғамдық мүлікті бүлдірмеуге шақырады!", - дейді полицейлер.