Ақтөбеде ірі қаржы пирамидаларына қатысты сот отырысы басталды

0
437

​Айыпталушылардың жетеуі – әйел.


Ақтөбеде ірі қаржы пирамидаларына қатысты сот отырысы басталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ», «Estate Ломбард» ЖШС басшыларына, қызметкерлеріне қатысты сот отырысы басталды, деп жазады inbusiness.kz.

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «Выгодный займ» ЖШС, «Estate Ломбард» ЖШС және «Нұр-Али Капитал» ЖШС басшыларына қатысты істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, көктемде жәбірленушілер іспен танысты. Тергеу аяқталғанға дейін 17 мыңнан астам жәбірленуші өтініш жазды. Оларға 30 миллиард теңгеден астам сома залал келген.

33 күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 6 күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен бірге халықаралық іздеу жарияланды.

Айта кетейік, сот отырысы 168/3 түзету мекемесінің ішінде өтіп жатыр. Ол жерге телеоператорлар мен фототілшілерді ғана кіргізді. Ал журналистер процесті Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында онлайн бақылауда. Бүгін түске дейін айыпталушылар таныстырылды. Олардың дені отбасылы, бала-шағалы.

Айыпталушылардың жетеуі – әйел. Олардың арасында Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Шығыс Қазақстан облысы және Ақтөбе облысының тумалары бар.