Ақтөбеде скутер мінген жасөспірімдер апатқа ұшырады

0
157

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Ақтөбеде скутер мінген жасөспірімдер апатқа ұшырады

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Ақтөбеде скутерге мінген жасөспірімдер жеңіл көлікке соқтығысып, апатқа ұшырады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 6 сәуірде Ақтөбедегі Макаренко көшесінде болған. Кәмелетке толмаған жеткіншек тізгіндеген ВАЗ 2172 жеңіл көлігі мен скутер соқтығысты. Оның жолаушысы да жасөспірім болып шықты.

Олар сүйегі сынып, ауруханаға жатқызылды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Полиция департаменті ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне, әсіресе мотоциклдерді пайдалануына назар аударуға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес 16 жасқа толмаған балалардың көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ», - деп еске салды Ақтөбе облысының полиция департаменті.